Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-1 бабы         10-тармақ,  2 тармақ  4 тармақшасынына, аудан  әкімінің 2020 жылғы 25 қыркүйектегі  №01-20/И-742 хатына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                2020 жылдың 30 қарашасына шығып кеткен Новорыбин ауылдық округі әкімінің кезектен тыс сайлауы  тағайындалсын.

2.                Шығып кеткен  Новорыбин ауылдық округі әкімінің кезектен тыс  сайлауына дайындық және  оны өткізу бойынша негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.

3.                 Осы қаулы Ақкөл аудандық мәслихатына, Ақкөл аудандық әкімдігіне және облыстық сайлау комиссиясына жіберілсін.

Осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.

Дата публикации
23 октября 2020