«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.02.2025 – 14.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 17.02.2025.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 20.02.2025.
Сұхбат: 25.02.2025.
Анықтама телефоны: 21736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 теңге, «А» блогы
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл аудандық жұмыспек қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы E-R-4 (Лауазым мәртебесі: бос), (№ 13-2-2)
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу және 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға ай сайынғы қосымша төлемдер. Балалары бар отбасыларға мемлекеттік жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау. Е-Халық, Е-Қызмет, БЭМҚ, ЭЕБ ААЖ жұмыс жасау. Мемлекеттік қызметті сапалы, қолжетімді және уақытылы ұсынуға талдау жүргізу және деректерді жинау және оларды жетілдіру бойынша тоқсан сайын ұсыныстарды әзірлеу. Нормативтік құқықтық құжаттарды әзірлеу. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетуді есепке алу. Мемлекеттік қызметкерлердің және штаттан тыс жұмыскерлердің кадрлық жұмысын жүргізу. Бөлім басшылығымен тағайындалатын басқа өкілеттікті орындау.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология, құқық және экономика негіздері, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану) немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (психология) немесе бизнес, басқару және құқық (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, әлемдік экономика, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, мемлекеттік аудит, құқықтану, халықаралық құқық) немесе қызметтер (әлеуметтік жұмыс)
жұмыс өтілі талап етілмейді
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.