«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 13.02.2025

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 19.02.2025

Сұхбат: 26.02.2025

Анықтама телефоны: 87163821736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

Блок - B

 

         (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Ақкөл ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері, E-R-4 санаты

 

 

Функционалдық міндеттері:

Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу, аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыру. Бюджет бойынша шығыстардың бекітілген сметалары бойынша лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау. Депозиттік шоттар бойынша операцияларды есепке алу. Жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Ұйымдармен, жеке тұлғалармен есеп айырысуды уақтылы жүргізу. Аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы, жылдық есептерді, сондай-ақ басқа да есептерді ұсыну. Есептілік пен декларацияларды мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыну. Шығыстар сметаларын және оларға есеп айырысуларды жасау және басшымен келісу. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері бойынша мониторинг жүргізу. Оларды сақтау және пайдалану орындарында активтердің, құндылығы төмен құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

 

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

          жұмыс өтілі талап етілмейді.

 

   

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

Дата публикации
12 февраля 2025