«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 – 05.02.2025

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.02.2025.

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

08.02.2025.

Сұхбат: 10.02.2025.

Анықтама телефоны: 21736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700 теңге, «А» блогы

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы E-R-4 (Лауазым мәртебесі: бос), (№ 16-2)

 

Функционалдық міндеттері:

 

Өндірістік кешендер мен нысандар жобаларын дайындау және келісу, басқа бөлімдермен құрылыс жоспарларының келешектегі және ағымдағы жоспарларын әзірлеуге қатысу, тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар құрылыстары, инженерлік және коммуникациялық желілер тарту туралы ұсыныстар енгізу. Бекітілген сметалық-жобалау құжаттарына сәйкес құрылыс жобаларын іс жүзіне асыру. Мемлекеттік сатып алуды өткізу жөніндегі комиссияларға қатысу. Ауданның келешектегі және ағымдағы құрылыс жоспарларын әзірлеу. Жобаларды аудандағы тиісті жауапты қызмет бөлімдерімен (санэпидстанса, өртке қарсы қызмет, эколог жәнә тағы басқа) келісу. Құрылыс жүргізуге, нысандарды қайта жаңартып салу және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуге материалдар дайындап, тендер өткізу. Қайта салынатын нысандарды жобалау үшін әзірленген деректер дайындау. Тұрғын үй-коммуналдық, өндірістік және өндіріске тағайындалмаған аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдап алу жөніндегі мемлекеттік қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Мемлекеттік тұрғын үй саясатының негізгі ережелерін тұрғындарға түсіндіру және кеңес беру. Әлеуметтік тұрмыстық нысандар құрылысына, қайта жаңартып салуға материалдар дайындап, тендер өткізу. Нормативтік құқықтық актілердің, өкімдердің, қаулылардың жобаларын дайындау, сотқа қуыну өтініштерін беру және сот отырыстарына қатысу. Ақкөл ауданы әкімдігі жанындағы ғимараттар мен жайларды қайта жаңартып салу, оларды күрделі жөндеуден өткізу, құрылыс мәселелері жөніндегі техникалық кеңестің отырыстарына материалдар дайындау. Техникалық кеңестің хаттамаларын ресімдеу, Ақмола облыстық мемлекеттік-сәулет-құрылыс бақылау басқармасынан хабарлама алу, жеке және заңды тұлғаларды тіркеу, автоматтандырылған жұмыс орны, өтініш иелерінің бірыңғай есебі  бағдарламаларын жүргізу.

 

Білімі бойынша талап:

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құрылыс, инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, стандарттау жəне сертификаттау (сала бойынша), құрылыс, құрылыс, строительство, архитектура, строительство, геодезия және картография, - Ғимараттар құрылысы және пайдалануы, құрылыс бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, геодезия және картография, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 января 2025