«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.01.2025 – 05.02.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
08.02.2025
Сұхбат: 10.02.2025
Анықтама телефоны: 21736
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 241146
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы, E-R-4 4 (№18-3), (Лауазым мәртебесі: Бос)
Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын есепке алуды ұйымдастыру. Жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарды жөндеу, күтіп ұстау, көгалдандыру бойынша орындалған жол жұмыстарының сапасын бақылауды жүзеге асыру және оларды қабылдауға қатысу. Автомобиль жолдарының техникалық және пайдалану жағдайын тексеру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру. Конкурстық құжаттаманы дайындауға қатысу. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысу. Жыл сайынғы көктемгі және күзгі автомобиль жолдарын тексеруге қатысу. Автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға, көктемгі тасқын суларды өткізуге қатысу. Сатып алынатын жұмыстарға, тауарларға, қызметтерге техникалық ерекшеліктер әзірлеу. Жұмыс, қабылдау комиссияларының жұмысына қатысу. Маусымдық іс-шараларды әзірлеу және ақпарат жинау. Ауданның Жолаушылар тасымалы саласындағы қызметтер нарығын қалыптастыруға қатысу, НҚА сәйкес азаматтардың жекелеген санаттарына жол жүру билеттерін беру бойынша қызмет көрсету. Қолданыстағы заңнама шеңберінде бөлім басшылығы айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
жұмыс өтілі талап етілмейді
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.