"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 23.01.2025 - 29.01.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.02.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
09.02.2025
Сұхбат: 14.02.2025
Анықтама телефоны: 21736
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл ауданы Кенес ауылдық округі әкімінің аппараты , бас маман-бухгалтері, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есепті жүргізу, аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыру. Бюджет бойынша шығыстардың бекітілген сметалары бойынша лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау. Депозиттік шоттар бойынша операцияларды есепке алу. Жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен есеп айырысуды уақтылы жүргізу. Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер мен декларациялар ұсыну. Шығыстар сметаларын және оларға есеп айырысуларды жасау және басшымен келісу. Жоспарланатын Мемлекеттік сатып алудың жиынтық номенклатурасы мен көлемін нақтылау және жасау. Сақтау және пайдалану орындарында активтердің, төмен құнды және тез тозатын заттардың және басқа да төмен құнды құндылықтардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Іс қағаздарын жүргізу. Іс жүргізу бойынша талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Ауылдық округ, ауыл әкімі аппаратының барлық құжаттамасының тиісті сақталуын қамтамасыз ету. Ай сайынғы есептерді дайындау. Қатаң есептілік бланкілерінің пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. ҚР Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс және аудан әкімінің қаулыларының, шешімдерінің, өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Азаматтардың жиналыстары мен жиындарын
өткізуге материалдар дайындау. Отбасының құрамы, тұрғылықты жері, қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру. Ауылдық округтің, ауылдың елді мекендерінің базарларынан біржолғы салық жинау. Халықтың, сайлаушылардың статистикасын жүргізу, есептілікті дайындау және тапсыру. Әскери есеп үстелінің барлық мәселелерін жүргізу. Әскерге шақыру алдындағы және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдердің ауданға және облысқа медициналық тексеруге баруын ұйымдастыру. Мектеппен жұмыс. Ауылдық округтің әскери міндеттілерін санақ және бақылау. Бюджеттің IV деңгейін жүргізу бойынша жұмыс жасау.
бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.