Ақкөл ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67 «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы ЖОБА

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Ақкөл ауданы әкімдігінің «Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және кандидаттарға сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жай беру туралы» 2019 жылғы 11 наурыздағы № А-3/67» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7107 тіркелді, 2019 жылғы 01 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң электрондық түрдегі эталондық бақылау банкiнде жарияланды) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

 көрсетілген қаулының қосымшалары осы қаулының қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда баяндалсын.

2. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Дата публикации
19 октября 2020