Сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 ХАБАРЛАМА

2025 жылғы 19 қаңтарда Ақмола облысы Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

                         Қарасай сайлау округі

       Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 675 азамат енгізілді, олардың 538-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 11, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 5.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Әйтімов Ж.Т.  – 34; Зейб Ю.В. - 446; Уәйісов Б.А. - 42.

Зейб Юрий Викторович ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1988 жылы туған, Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауданы Қына ауылында тұрады, "AMANAT" партиясы "қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалы ұсынған.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  2025 жылғы 20 қаңтардағы шешімімен 2025 жылғы 19 қаңтарда сайланған Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
20 января 2025