Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

Ақкөл аудандық  аумақтық сайлау комиссиясының

Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкіміне

кандидаттарды тіркеу туралы

хабарламасы

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап,  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Қарасай ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы 2024 жылғы 25 желтоқсандағы  хаттамасының негізінде, келесі азаматтардың:  

      - 1993 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын, өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған Әйтімов Жаңабай Тілектесұлын;    

  - 1988 жылы туған, Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауданы Қына ауылында тұратын, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалымен ұсынылған, Зейб Юра Викторовичті;

       -  1977 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ жұмылдыру бөлімінің басшысы,  Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұратын,   өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған, Уәйісов Болат Амангелдіұлын Қарасай ауылдық округі әкіміне кандидат ретінде тіркелгенін хабарлаймыз.

       Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

 

Дата публикации
25 декабря 2024