Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 баптың 4 тармағына, 14 баптың 6 тармақшасына, 21 баптың 4 тармағына, 22 бабына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 11 желтоқсандағы №65/24 « Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы» қаулысына сәйкес, Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Ақкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің
әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы
Ақкөл ауданы Қарасай ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Қарасай сайлау округі Қарасай ауылдық округінің шекарасында.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақкөл қ., С.Нұрмағамбетов көшесі, 67, тел. 8(71638)5-50-72
Комиссия төрайымы – Жетпісова Динара Болатқызы, төрайымның орынбасары – Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы, хатшы – Шашкенова Айжан Сабырқызы, комиссия мүшелері – Адежанов Рената Ғалықызы, Баймлер Кристина Юрьевна, Балғожина Жұлдызай Меңдібайқызы, Теміртасова Ғайни Бейсенқызы.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы