2024 жылдың екінші жартыжылдығында халықпен тұрақты кездесулер өткізу қорытындылары туралы
Мемлекет басшысының «Халықпен кездесулер өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2024 жылғы 5-27 қараша аралығында ауданда 36 кездесу өткізілді, оның ішінде 9-ы Ақкөл ауданының әкімі Б.Т. Әбдірахмановтың қатысуымен, 27-сі қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.
2024 жылғы 25 қазанда аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды.
Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.
Кездесулерге барлығы 1180 адам қатысты. 35 адам сөз сөйледі, 29 ұсыныс түсті. Барлық 29 ұсыныстың әлеуметтік сипаты болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.
Аудан тұрғындарын толғандыратын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру – 9 (31,0%), жолдарды жөндеу және салу – 12 (41,3%), денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт объектілерін жөндеу және салу бойынша -2 (7,0 %), абаттандыру, санитарлық тазалау және экология -3 (10,3%), тұрғын үй қатынастары - 1 (3,4%) және басқалары – 2 (7,0 %).
Кездесу қорытындысы бойынша барлық 29 ұсыныс қаралып, 4 ұсыныс Ақкөл ауданы әкімінің кездесулері барысында халықтың айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарына енгізілген.
Аудан әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар Жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.
Ауданда кездесулер ұйымдастырылып, облыс, аудан, қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына сын-ескертпелер айтылмады.
Ақкөл ауданы әкімінің аппараты