Ақкөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

Ақкөл ауданы әкімі аппаратының лауазымды адамдарының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауының регламенті

 

1.     1-тарау. Жалпы ережелер

 

1.     Ақкөл ауданы әкімінің аппаратының лауазымды адамдарының жеке

тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау регламенті «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленген және Ақмола облысы әкімі аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау тәртібін реттейді.

2.     Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды

(бұдан әрі - қабылдау): аудан әкімі және оның орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, сондай-ақ алдын ала жазылу бойынша қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге де қызметкерлері жүзеге асырады.

3.     Әкімдер аппараттарының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары,

сондай-ақ қабылдауды жүзеге асыруға уәкілетті әкімдер аппараттарының өзге де қызметкерлері азаматтар мен заңды тұлғалардың өкілдерін олар көрсетілген лауазымды тұлғалардың қабылдауына келіскен жағдайда өтініш жасаған күні қабылдай алады.

 

2-тарау. Аудан әкімінің аппаратында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі

 

4.     Жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауға жазуды

қабылдауды ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер күн сайын жұмыс күндері жұмыс уақытында түскі үзіліспен «egov.kz» порталындағы электрондық өтініштер, қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол түскен өтініштер негізінде немесе жауапты қызметкерге ауызша айту түрінде жүргізеді.

5.     Мәселенің мәні баяндалмаған жеке қабылдау туралы өтініш ол туралы

өтініш иесіне хабарланып қараусыз қайтарылады.

6.     Аудан әкімі мен олардың орынбасарлары жеке және заңды тұлғалардың

өкілдерін қабылдауы әкім бекіткен кестеге сәйкес айына кемінде бір рет жүргізіледі.

Сондай-ақ қабылдау «Орталық атқарушы органдар басшыларының,

әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығына сәйкес есеп беру кездесуі өткізілгенге дейін бір күн бұрын және есеп беру кездесуі өткізілгеннен кейін өткізіледі.

7.     Лауазымды тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда),

қабылдау күндері көрсетілген қабылдау кестелері қазақ және орыс тілдерінде ауданәкімі аппаратының үй-жайында көзге оңай түсетін жерлерде, сондай-ақ аудан әкімінің ресми сайтында ілінеді.

8.     Аудан әкімінің орынбасарлары қабылдауды аудан әкімінің тапсырмасы

бойынша қабылдау жүргізу күнін көрсете отырып бекітілген кестеден тыс жүзеге асыра алады.

9.     Қабылдау бастаудың алдында, қабылдауға жазу және жеке қабылдау

кезінде жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі оның жеке басын куәлендіретін құжатты, ал басқа тұлғалардың атынан өтініш жасаған кезде – олардың мүдделерін білдіру өкілеттігін растайтын құжаттарды көрсетеді.

10.                        Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау Қазақстан

Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 наурыздағы №390-16қ қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі талаптарға және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы қатынастарды реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүргізіледі.

Қажет болған жағдайда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды

қабылдау аудармашының қатысуымен жүргізіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың қабылдауға берілген

өтініштері, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда оларды қараудың өзге ережелері көзделмесе, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.

11.                       Қабылдау өтініштердің кезегі тәртібімен жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына

қатысушылар, оларға теңестірілген адамдар, барлық санаттағы мүгедектер, жүкті әйелдер, «Алтын Қыран» ордендерімен марапатталған, «Халық қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы бар адамдар кезектен тыс қабылданады.

12.                        Өтініш берушілердің келісімімен аудан әкімінің және оның

орынбасарларының қабылдауы бейнеконференц байланыс арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

13.                       Коронавирустың пандемиясына немесе жеке тұлғалар мен заңды тұлғалар

өкілдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты басқа да жағдайларға орай шектеу шаралары қабылданған жағдайда қабылдау тек онлайн режимде жүзеге асырылатын болады.

14.                       Қабылдауға:

-         аудан әкімдігінің құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша;

-         бұрын қабылданған немесе сол мәселе бойынша өтінішіне жауабы

берілген тұлғаларды жазу жүзеге асырылмайды.

15.                        Уақытша еңбекке жарамсыздық, қызметтік іссапар және басқа да

жағдайлардың себебі бойынша қабылдау жүргізу мүмкін болмаған жағдайда қабылдаушы қабылдауға жауапты қызметкерді жеке қабылдау өткізілгенге дейін кемінде 2 (екі) жұмыс күні бұрын хабардар етеді.

16.                        Қабылдау күнінде қосымша өтініштер мен басқа да ілеспе құжаттарды

дұрыс ресімдеуге көмектесетін (қажет болған жағдайда) аудан әкімі аппаратының заң қызметі қызметкерлерін, әлеуметтік қызметкерді (волонтерлерді қабылдау күндері ғана тартуға болады) тартуға болады.

17.                        Аудан әкімінің қабылдауын өткізу кезінде аудан әкімі аппаратының

Жалпы бөлім (бұдан әрі – Бөлім) прокуратура органдары, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппаратының) аумақтық бөлімшелері өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

18.                        Егер көтерілетін мәселе орталық мемлекеттік органдардың аумақтық

бөлімшелерінің құзыреті шегінен шыққан жағдайда, онда тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының атына бейне-конференц байланыс арқылы орталық аппарат өкілдерінің қатысуына сауал жіберіледі.

19.                        Орталық мемлекеттік органдардың өкілдерінің қабылдауға қатысуы

бойынша сауал жіберілгеннен кейін өтініш беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберілген сауал туралы және қабылдауға жазу туралы өтінішті қарауды ұзарту туралы хабардар етіледі.

20.                        Аудан әкімінің бірлескен қабылдауына мемлекеттік органдардың

қатысудан бас тарту фактілері туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөліміне 2 (екі) жұмыс күні ішінде жіберіледі.

21.                        Қабылдау өтініш берушінің қалауы бойынша мемлекеттік және орыс

тілдерінде жүзеге асырылады.

22.                        Қабылдау барысында бөлімнің жауапты қызметкері өтініш берушілерге

аудан әкімі аппаратының қызметкерлерін шақыра алады немесе тиісті лауазымды тұлғалармен қабылдау уақыты мен орнын келісе алады.

23.                        Қабылдау нәтижелері тапсырмаларды орындаудың нақты мерзімдері

көрсетіле отырып хаттамаланады. Хаттамалық тапсырмалар өтініштерге бекітіледі.

24.                        Азаматтардың қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

 

3-тарау. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау мәселелері бойынша өтініштерді тіркеу және қарау тәртібі

 

25.                        Қабылдауға жазу туралы келіп түскен барлық өтініштерді Бөлімнің

жауапты лауазымды тұлғасы құжат айналымының электрондық жүйесінде 3 (үш) жұмыс күні ішінде тіркейді және алдын ала қаралады.

26.                        Материалдарды жинағаннан және талдағаннан кейін, әкім аппаратының

құрылымдық бөлімшелерінің қатысуымен Бөлім қабылдау басталғанға дейін 5 (бес) жұмыс күн бұрын әкім аппараты басшысының атына қабылдау күнін тағайындау немесе бас тарту туралы ұсыныспен анықтамалық ақпарат дайындайды.

27.                         Қабылданған шешімнің қорытындысы бойынша Бөлім әкім

қабылдайтын адамдардың тізімін қабылдау кестесіне енгізу үшін қалыптастырады.

28.                        Бөлімнің жауапты қызметкері бекітілген тізімдерді қабылдау кестесіне

кезектілік тәртібімен бөледі.

29.                        Өтінішті тіркеген сәттен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен

кешіктірмей қоғамдық қабылдау бөлмесінің жауапты қызметкері өтініш берушіге қабылдауға жазылу уақыты туралы жауап немесе қабылдаудан дәлелді бас тартуды жолдайды.

30.                        Мәселенің көп пысықтауды талап ететін күрделі сипаты жағдайында

Бөлімнің қорытындысы негізінде өтініш берушіге өтінішті қарау мерзімін тіркеген сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзарту туралы хат жіберіледі.

31.                        Бөлімнің уәкілетті қызметкерінің қабылдауды ұйымдастыру үшін,

қабылдау өткізу тәжірибесін талдау және қорыту үшін, аудан әкіміне қажетті материалдарды ұсыну туралы талаптары аудан әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелері және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері үшін міндетті болып табылады.

 

4-тарау. Қабылдау қорытындысы бойынша тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру

 

32.                        Қабылдау қорытындысы бойынша дайындалған хаттамалық

     тапсырмаларды бақылауды Бөлім тікелей жүзеге асырады.

33.                        Қабылдаудан келіп түскен өтінішті бақылаудан алу үшін өтініш берушіге

түпкілікті дәлелді жауап негіз болып табылады.

34.                        Өтініш берушінің қабылдау жүргізу кезінде берген өтініштері

электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеледі. Өтініштерге «жеке қабылдаудан» деген белгі қойылады.

35.                        Қабылдаудан келіп түсетін өтінішті қарауды оны бұрын шешкен

қызметкерге тапсыруға жол берілмейді.

36.                        Бөлімнің жауапты қызметкерлері тұрақты негізде өтініш берушілердің

қанағаттану деңгейіне мониторинг жүргізуі тиіс, консультация алған және жеке қабылдауға жазудан бас тартқан өтініш иелеріне іріктеліп телефон байланысы арқылы жүргізіледі.

37.                        Бөлім әкім аппаратының мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп:

1) аудан әкімінің және оның орынбасарларының азаматтарды қабылдау шеңберіндегі жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді;

2) азаматтарды қабылдауға тартылған жауапты лауазымды тұлғалардың, оның ішінде орталық мемлекеттік органдардың, прокуратура және сот билігі органдарының аумақтық бөлімшелерінің жауапты лауазымды тұлғаларының қатысуын (келісім бойынша);

3) өтініш берушімен кері байланысты (қажеттілігіне қарай);

38.                        Жеке қабылдауды ұйымдастыру мен өткізу нәтижелері туралы

аудан әкімін, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімін тұрақты негізде (тоқсанына бір реттен кем емес) хабардар ету қажет.

Дата публикации
13 октября 2020