«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.11.2024 - 06.12.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.12.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

12.12.2024

Сұхбат: 14.12.2024

Анықтама телефоны: 21736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700 Блок А

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 Функционалдық міндеттері:

Бөлім қызметін ұйымдастыруға қатысу. Құрылыс жобаларын қарау және бекіту.         Тұрғын үйлерді, қоғамдық ғимараттарды, инженерлік желілер мен коммуникацияларды салуға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қатысу. Жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлегенге дейін құжаттаманы дайындау және ресімдеу, жоспарланған объектіні жобалау үшін бастапқы мәліметтерді жинауды ұйымдастыру. Бекітілген жобалық-сметалық құжаттаманы және құрылысты ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттармен реттелетін құрылысқа қажетті басқа да құжаттарды белгіленген тәртіппен беру. Құзырет шегінде бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес құрылыс объектілерінің іске асырылуын қадағалау. Тапсырыс берушінің (әзірлеушінің) қызметін ұйымдастыру және функцияларын орындау қағидаларына сәйкес және бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес аяқталған жұмыстарды қабылдау нысандарын келісу. Күнтізбелік жоспарға, жұмыс кестелеріне сәйкес құрылыстың жалпы жүргізілуін бақылау және объектінің құрылысы мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасау. Құрылысы аяқталған тұрғын үй-коммуналдық, өндірістік және өндірістік емес объектілерді пайдалануға мемлекеттік қабылдау комиссияларына қатысу. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны «E-license.kz» электронды порталы арқылы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын органға жіберу, сондай-ақ хабарламаны қабылдау туралы талон жіберу. Мердігерлер үшін қызметтің басталуы немесе тоқтатылуы немесе белгілі бір әрекеттер. Нормативтік құқықтық актілердің, бұйрықтардың, шешімдердің, жарлықтардың және басқа да құқықтық құжаттардың жобаларын дайындау. Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс комиссиясына, мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау жөніндегі, мемлекеттік қызмет өтілін айқындау жөніндегі комиссияларға қатысу. Тауарларды, қызметтерді және жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға материалдарды дайындау және қатысу.

 

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, сәулет, құрылыс, инженерлік жүйелер мен желілер, геодезия және картография, өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, стандарттау жəне сертификаттау (сала бойынша), құрылыс, құрылыс, строительство, архитектура, строительство, геодезия және картография, - Ғимараттар құрылысы және пайдалануы, құрылыс бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру, геодезия және картография, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 ноября 2024