«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 29.11.2024 - 06.12.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 06.12.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

12.12.2024

Сұхбат: 14.12.2024

Анықтама телефоны: 21736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 241146 Блок А

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 Функционалдық міндеттері:

Оқу-тәрбие процесстерінің ұйымдастырылуын мемлекеттік стандарт  талаптарына сәйкес ұстау жөнінде мерзімді бақылау жүргізілуін қамтамасыз ету. Дене шынықтыру және спорт мәселелері жөніндегі бөлімнің ұйымдастыру жұмысын реттейтін құжаттарды дайындауға және әзірлеуге қатысу. Ауданда спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аудан мектептері, кәсіпорындары, ұйымдары арасында спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, облыстық жарыстарға қатысу. Спорттық шеберлікті жетілдіру, ауылдағы спортты дамыту бойынша жұмыс жасау. Облыстық және ұлттық құрама командаларға кандидаттарды анықтау және дайындау. Спорт объектілерінің жай-күйіне бақылауды жүзеге асыру. Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша аудан әкімінің қаулыларын, шешімдерін, өкімдерін дайындау. Дене шынықтыру және спорт саласындағы орта мерзімді даму жоспарын қалыптастыру және жинақтау. Оқу-жаттығыу жиындарын, бұқаралық-спорттық шаралар өткізу. Аудан аумағында өткізілетін спорт түрлері бойынша өңірлік спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу. Спорт түрлері бойынша облыстық, республикалық кешенді іс-шараларға және басқа да жарыстарға қатысу үшін өңірлік құрама команда ұйымдастыруға және дайындық өткізуге қатысу. Деректерді қабылдау бойынша жұмысты ұйымдастыру, ҚКФ жылдық статистикалық есептерін дайындау және облыстық басқармаға тапсыру. Дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі іс-шараларға дайындалу және қатысу, халықты тұрақты дене жаттығуларымен айналысуға тарту, халық арасында Президенттік тесттерді енгізу. Іс қағаз құжаттарын мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізу. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерінің, әкімдік қаулыларының жобаларын дайындау. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін орындау, тиісті жұрнал жүргізу. Жоғары органдарға есеп тапсыру. Бөлім басшысы анықтаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

Жоғары білім, техникалық және кәсіптік білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіптік білім: өнер (графика, мүсін, дизайн) немесе бизнес, басқару және құқық (құқықтану, халықаралық құқық) немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (сәулет, геодезия және картография, құрылыс, Инженерлік жүйелер және желілер, жерге орналастыру, кадастр, стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)) немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар (агрономия, Су ресурстары және суды пайдалану, мелиорация, жерді қалпына келтіру және қорғау)

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
29 ноября 2024