Объявление общего конкурса для занятия вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.11.2024 - 04.12.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 05.12.2024

 Мәтіндік  және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

08.12.2024       

Сұхбат: 11.12.2024

Анықтама телефоны: 87163821736

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жалпы бөлімінің бас маманы , E-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Аудан әкімі аппаратының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Облыс әкімі аппаратынан, басқармалар мен ұйымдардан келіп түскен хат-хабарларды өңдеу. Келіп түскен хат-хабарлардың орындалу мерзімдерін бақылау. Шығыс және ішкі құжаттармен жұмыс. Аудан әкімі аппаратынан шығатын хат-хабарларды өңдеу. Белгіленген тәртіппен аудан әкіміне және орынбасарларына пошта қалыптастыру. Аудан әкімінің, аппарат басшысының және әкім орынбасарларының қарарына сәйкес орындаушыларға хат-хабарларды тарату. Өкімдік құжаттарды (әкімдік қаулыларын, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін) ресімдеу, тіркеу және тарату. Құжат айналымы бойынша есепті жинау, дайындау және мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне тапсыру жұмыстары. Аудан әкімдігі отырысының хаттамаларын ресімдеу. Қала, ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарына және дербес бөлімдерге практикалық көмек көрсету. Электрондық құжат айналымы жүйесімен, "Е-Өтіш"АЖ жұмыс.

 

Білімі бойынша талап:

педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, дінтану, археология және этнология, шығыстану, теология, түркітану, исламтану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, филология) немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

           жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

   

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
27 ноября 2024