Ақкөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 27.11.2024 - 03.12.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 04.12.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
07.12.2024
Сұхбат: 11.12.2024
Анықтама телефоны: 87163621736
E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210086
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі персоналды
басқару бірыңғай қызметінің (кадр қызметі) бас маманы (уақытша, 2025 жылғы 7 сәуірді қоса алып, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), E-4 санаты
аудан әкімідігінің мемлекеттік органдарындағы мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметті өткеру мәселелері бойынша кешенді жұмыс атқару. Мемлекеттік қызметшілерді аттестаттау үшін құжаттар дайындау, аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу. Аттестаттау қорытындылары бойынша жоғары органдарға есеп дайындау және тапсыру. Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстарды дайындау және өткізуді ұйымдастыру. Конкурстар қорытындылары бойынша жоғары органдарға есеп дайындау және тапсыру. Мемлекеттік қызметшілерді оқыту, қайта дайындау және біліктілікті арттыру курстарынан өтулерін дайындау және ұйымдастыру. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару Академиясының Ақмола облысы бойынша филиалымен мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру бойынша өзара іс-қимыл жасау. Кадр жұмысы бойынша есеп құжаттамасын жүргізу. Мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу бойынша жұмыстарды жүргізу, комиссия отырыстарының хаттамаларын ресімдеу. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының арнайы тексеру жүргізуі үшін мемлекеттік қызметке алғаш кіретін немесе оны тоқтатқаннан кейін жаңадан қабылданатын азаматтарға құжаттарды дайындау және ресімдеу. Облыс әкімі аппаратына мемлекеттік қызмет өткеру мәселелері бойынша есеп тапсыру. Тәртіптік, аттестаттау, конкурстық комиссиялардың, мемлекеттік қызмет өтілін белгілеу жөніндегі комиссияның материалдарын дайындау және қызметін ұйымдастыру. «Е-қызмет» персоналды басқарудың интеграцияланған ақпараттық жүйесінде ауданның мемлекеттік қызметшілерінің бірыңғай дерекқорын жүргізу (конкурстық рәсімдер, мемлекеттік қызметшілерді оқыту, тағылымдама, тәлімгерлік, мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау). Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне және Ақмола облысы әкімінің аппаратына тағылымдамадан өту, тәлімгерлік және мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау мәселелері бойынша есептер тапсыру. Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің «Мемлекеттік наградалар» ақпараттық жүйесінің «Марапаттау» модулінде жұмысты жүзеге асыру. Көп балалы аналарды марапаттау бойынша материалдар дайындауды қамтамасыз ету және олардың тапсырылуын бақылау. Марапаттау бойынша талдамалы ақпарат дайындау.
педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті) немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар (философия, тарих, дінтану, археология және этнология, шығыстану, теология, түркітану, исламтану, мұражай ісі және ескерткіштерді қорғау, филология) немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.