Конкурс өткізу туралы хабарлама

Конкурс өткізу туралы хабарлама

«Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімінің» Ақмола облысы, Жақсы ауданының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерден шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі

 

ТАБЛИЦА EXCEL

 

ЖИЫНЫ                                          2029,2 га

 

ЕСКЕРТПЕ:

 

Жеке тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2) конкурстық ұсыныс;

3) тартылған инвестициялардың көлемін растау туралы банк кепілдіктері немесе қаржы институты кредит комитетінің оң шешімі (Инвестиция сомасында өнімдерді сақтау және өңдеу объектісін салуға, ауыл шаруашылығы жануарларын ұстауға арналған үй-жайлар салуға, технологиялық жабдықтарды сатып алуға бағытталған қаражат есепке алынбайды).

 

Конкурстық ұсыныста:

 

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

 

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2020 жылдың «10» қарашадан бастап 2020 жылдың «2» желтоқсан аралығында мына мекен-жай өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі: Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, 2 қабат, 14 кабинет.

 

Конкурсты өткізу күні, уақыты және орны: конкурс 2020 жылғы 3 желтоқсанда сағат 09:00-де Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Дружба көшесі 3, кіші мәжіліс залы мекенжайы бойынша өткізіледі.

 

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтер мен қосымша ақпаратты Ақмола облысы, Жақсы ауданының әкімдігінің http://zhaksy.gov.kz интернет-ресурстарынан немесе "Жақсы аудынының жер қатынастары бөлімі" ММ-нің телефондар бойынша алуға болады: 8 (71645) 2-20-25

Дата публикации
12 октября 2020