«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру
"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.11.2024 - 28.11.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.11.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
04.12.2024
Сұхбат: 09.12.2024
Анықтама телефоны: 21736
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
Ақкөл ауданы Урюпин ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздарды жүргізу. Іс-қағаздар бойынша талаптардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Ай сайынғы есептерді дайындау. Бланкілердің қатаң есепті пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс пен аудан әкімдерінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Отбасы құрамы, тұрғылықты мекен-жай, қолда бар қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру. Салық жинау. Халық санағын, сайлаушылар тізімдерін жүргізу, есеп беру. Әскери-есеп столына қатысты барлық мәселелерді жүргізу. Әскерге шақыру жасына дейінгі жас өспірімдердің және әскер жасындағы жігіттердің аудандық, облыстық медициналық тексеруден өтуге баруларын ұйымдастыру. Мектеппен жұмыс жүргізу. Ауыл және ауылдық округтегі әскери міндеттілерді еспке алу және бақылауда ұстау.
Білімі бойынша талап:
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе қызметтер;
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.