Объявление общего конкурса для занятия вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.11.2024 - 25.11.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.11.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

29.11.2024

Сұхбат: 04.12.2024

Анықтама телефоны: 21736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 241146

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі, бас маман-бухгалтері, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп жүргізу, аудандық қазынашылық бөлімі арқылы жүргізілетін операциялардың есебін жүргізу. Аудандық экономика және қаржы бөлімімен шығыстар сметасын орындау және бюджет қаражатын мақсатты пайдалану бойынша өзара іс-қимыл жасау. Құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуіне және жасалатын операциялардың заңдылығына бақылауды жүзеге асыру. Бюджет бойынша шығыстардың бекітілген сметалары бойынша лимиттерге және олардың нысаналы мақсатына сәйкес қаражаттың жұмсалуын, сондай-ақ ақша қаражаты мен материалдық құндылықтардың сақталуын бақылау. Депозиттік шоттар бойынша операцияларды есепке алу. Жалақы мерзімінде есептеу және төлеу. Ұйымдармен, жеке тұлғалармен есеп айырысуды уақтылы жүргізу. Аудандық экономика және қаржы бөліміне бюджеттің атқарылуы туралы ай сайынғы, жылдық есептерді, сондай-ақ басқа да есептерді ұсыну. Есептілік пен декларацияларды мемлекеттік кірістер басқармасына ұсыну. Шығыстар сметаларын және оларға есеп айырысуларды жасау және басшымен келісу. Жоспарланатын Мемлекеттік сатып алудың жиынтық номенклатурасы мен көлемін нақтылау және жасау. Мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде бюджет қаражатын тиімді жұмсау мәселелері бойынша мониторинг жүргізу. Қаржы мәселелері бойынша нормативтік актілердің, өкімдердің, шешімдердің, қаулылардың және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын дайындау. Оларды сақтау және пайдалану орындарында активтердің, құндылығы төмен құндылықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру. Кадрлық іс жүргізуді жүргізу.

 

 

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
18 ноября 2024