Объявление общего конкурса для занятия вакантных административных государственных должностей корпуса «Б»

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 19.11.2024 - 25.11.2024

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 26.11.2024

Мәтіндік   және   сандық   ақпаратпен  жұмыс   істеу   қабілетін   бағалау:

29.11.2024

Сұхбат: 04.12.2024

Анықтама телефоны: 871638 21736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 241146

(Лауазымдық     жалақы     нақты     қызметкердің     жұмыс     өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

Ақкөл аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы, E-R-4 (Лауазым мәртебесі: Бос)

 

Функционалдық міндеттері:

Бөлімді ұстауға арналған қаржыландыру жоспарының орындалуына бухгалтерлік есеп жүргізу. Бюджет қаражатының мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз ету. Қазынашылықтың аумақтық органы арқылы жүргізілетін операцияларды есепке алу. Қаржы жылына бөлімнің бюджеттік өтінімін жасау. Қаржыландыру жоспарларының орындалуы бойынша мерзімдік және жылдық есептерді, бюджетке есептелген және төленген салықтар бойынша декларацияларды дайындау. Бөлімнің жоспарланған сатып алуларының жиынтық номенклатурасы мен көлемін құрастыру және нақтылау, бөлімнің мемлекеттік сатып алу үдерісін жүргізу, олар бойынша есептерді құрастыру және ұсыну. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ағымдағы және жылдық есептерін қабылдау, бақылау. Бюджеттің атқарылуы туралы есептерді құрастыру және ұсыну. Жоғары тұрған бюджеттердің пайдаланылмаған трансферттерін және бюджетке түсетін басқа да түсімдерді қайтару үшін Қазынашылық бөліміне құжаттарды дайындау және ұсыну. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыруды жүзеге асыру. Бюджет шығыстарының атқарылуы мәселелері бойынша талдамалық, ақпараттық және басқа да материалдарды дайындау.      Бюджеттік бағдарламаларды іске асыру және оларда белгіленген мақсаттарға, міндеттерге және құрылымдық бөлімшеге тікелей қатысы бар нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу.  Сектор меңгерушісі айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру. Бюджеттік мекемелердің дебиторлық және кредиторлық берешегі туралы мәліметтер жинау, бақылау және оларды сметалармен салыстыру. Бағдарламалық өнімдегі жұмыс «Парус-Қаз.Бюджет.Бюджет» «ХҚЕС бухгалтерлік есеп және жалақы» модулі. Мемлекеттік мекеменің бюджеттік бағдарламаларын әзірлеу. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ұсынатын қаржылық және бюджеттік есептілікті жинақтау және талдау. Жергілікті бюджеттің шоғырландырылған қаржылық және бюджеттік есептілігін жасау және ұсыну. Бухгалтерлік есеп шоттарында жүзеге асырылатын барлық шаруашылық операцияларды бақылауды және көрсетуді қадағалау, жедел ақпарат беру, мемлекеттік органның қаржылық есептілігін белгіленген мерзімде жасау. Бөлімнің мемлекеттік сатып алуларды өткізу туралы хабарландыруын мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастыру. Жергілікті атқарушы органның қарызын өтеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

 

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

Дата публикации
18 ноября 2024