Сайлау қорытындылары туралы хабарлама

    ХАБАРЛАМА

2024 жылғы 17 қарашада Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің әкімін сайлау өтті.

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімі сайлауының нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындыларын анықтады:

                         Новорыбин сайлау округі

                         Новорыбин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 616 азамат енгізілді, олардың 487-і дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны – 7, «Бәріне қарсы» деген жолда белгісі бар- 12.

Әрбір кандидатқа берілген дауыс саны:

Әйтімов Ж.Т.  – 37; Репина Д.С. - 39; Шуленбеков Д.К. - 392.

Шүленбеков Данияр Кенжеұлы Новорыбин ауылдық округінің әкімі болып сайланды, 1990 жылы туған, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің әкімі, Ақкөл қаласында тұрады, "AMANAT" партиясы "қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалы ұсынған.

Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы  2024 жылғы 18 қарашадағы шешімімен 2024 жылғы 17 қарашада сайланған Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылдық округінің әкімін тіркеді.

 

 

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
18 ноября 2024