"Ақкөл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 15.11.2024 - 21.11.2024
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 22.11.2024
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
27.11.2024
Сұхбат: 02.12.2024
Анықтама телефоны: 21736
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл ауданы Жалғызқарағай ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы, E-G-3 (Лауазым мәртебесі: Бос)
Ауыл, ауылдық округ әкімдері аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздарды жүргізу. Ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппаратының аяқталған іс-қағаздары құжаттарын қабылдау, есебін жүргізу, сақтау және мұрағаттық құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру. Іс-қағаздар бойынша талаптардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің, Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімшілік мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Ережесін бекіту туралы» Жарлығының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету және тиісті жұрнал жүргізу. Ауыл, ауылдық округтер әкімдері аппаратындағы барлық құжаттардың қажетті сақталуын қамтамасыз ету. Ай сайын берілетін есептерді дайындау. Ауыл, ауылдық округтер әкімдерінің шешімдері мен бұйрықтарын рәсімдеу және оларды тарату. Бланкілердің қатаң есеппен пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. ҚР Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс пен аудан әкімдерінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Шешімдер мен өкімдердің, шаруашылық кітаптарының, кіріс және шығыс хат-хабарларының жұрналдарын жүргізу. Отбасы құрамы, тұрғылықты мекен-жай, қолдағы бар қосалқы шаруашылық туралы анықтамалар беру. Некелесуді, тууды, өлгенді тіркеу, нотариалдық істер жүргізу. Салық жинау. Елді мекен тұрғындарының статистикалық есебін, сайлаушылар тізімдерін жүргізу, есеп дайындау және есеп беру. Мектеппен жұмыс. Әскери есеп үстелінің барлық мәселелерін жүргізу. Әскерге шақыру алдындағы және әскерге шақыру жасындағы жасөспірімдердің ауданға және облысқа медициналық тексеруге баруын ұйымдастыру. Ауылдық округтің әскери міндеттілерін санақ және бақылау;
педагогикалық ғылымдар немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе бизнес, басқару және құқық немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар немесе инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары немесе ауыл шаруашылығы және биоресурстар немесе ветеринария немесе қызметтер;
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.