Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне кандидаттарды тіркеу нәтижелері туралы ақпарат
2024 жылғы 27 қазан сағат 18-00-де Ақмола облысы Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне тіркеу аяқталды. Барлығы 3 кандидат тіркелді:
1) Айтымов Жаңабай Тілектесұлы, 1993 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспекторы, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады.
2) Репина Дарья Сергеевна, 1989 жылы туған, «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы, Ақкөл ауданы Домбыралы ауылында тұрады.
3) Шүленбеков Данияр Кенжеұлы, 1990 жылы туған, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады.
Ақкөл аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы