2024 жылдың 17 қарашаға тағайындалған Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне үміткерлерді тіркеу туралы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

2024 жылдың 17 қарашаға

тағайындалған Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне

үміткерлерді тіркеу туралы Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы

 

        «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-5-бабына сәйкес алынған құжаттарды қарап, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкіміне үміткерлерді тіркеу туралы хаттамалар негізінде,  Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы шешім қабылдады:

        - Шүленбеков Данияр Кенжеұлы, 1990 жылы туған, Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің әкімі, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филиалымен ұсынылған;

 

       - Айтымов Жаңабай Тілектесұлы, 1993 жылы туған, «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызметтер көрсетуді талдау жөніндегі бас инспектор, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласында тұрады, өзін-өзі ұсынды;    

  

       -  Репина Дарья Сергеевна, 1989 жылы туған, «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маман, Ақкөл ауданы Домбыралы ауылында тұрады,  өзін-өзі ұсынды.

 

 

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

Дата публикации
23 октября 2024