Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің  әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы ХАБАРЛАМА

Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің  әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы

ХАБАРЛАМА

 

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 баптың 4 тармағына, 14 баптың 6 тармағына, 21 баптың 4 тармағына, 22 бабына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 9 қазандағы №41/18 "Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы" қаулысына сәйкес, Новорыбин ауылдық округі  әкімін сайлау бойынша сайлау округін құру туралы, Ақкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.

 

 

Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің

әкімін сайлау бойынша сайлау округінің шекарасы

 

Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округінің   әкімін сайлау бойынша сайлау округі – Новорыбин сайлау   округі  Новорыбин ауылдық округінің  шекарасында.

 

 

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы

 

Орналасқан жері: Ақкөл қ., С.Нұрмағамбетов көшесі, 67, тел. 8(71638)5-50-72.

Комиссия төрайымы – Жетпісова Динара Болатқызы, төрайымның орынбасары – Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы, хатшы – Шашкенова Айжан Сабырқызы, комиссия мүшелері – Адежанов Рената Ғалықызы, Баймлер Кристина Юрьевна,  Балғожина Жұлдызай Меңдібайқызы, Теміртасова Ғайни Бейсенқызы.

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                        

Дата публикации
14 октября 2024