Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14 бап, 8-1 тармағына, 113-1 бабына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылғы 17 қарашаға Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 17 қарашаға тағайындалған Ақкөл ауданы Новорыбин ауылдық округі әкімінің сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-сайтында және аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде жариялансын. апапапапапапаапапа
Комиссия төрайымы Д. Жетпісова
Комиссия хатшысы А. Шашкенова
Ақкөл қаласы
9 қазан 2024 жыл
№41/19