2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қала, ауылдық округтер әкімдерінің 2020 жылғы қаңтар-ақпандағы халық алдындағы есеп беру кездесулерінде айтылған ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша іс шаралар жоспары
(Ақкөл ауданы әкімдігінің 2020 жылғы14 ақпандағы № А -2/37 қаулысы)
|
№ р/с |
Іс-шаралар
|
Орындау мерзімі |
Ескерту |
|
1. |
Көп қабатты үйдің ауласындағы өрт жинақтау гидрантын жою жолымен, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, № 211 мекен-жайы бойынша үйдің аула маңы аумағын кеңейту мүмкіндігін қарастыру
|
2020 жылғы 1 қазанға дейін |
Тапсырма орындалды 2020 жылдың 24 қыркүйегінде Нұрмағамбетов көшесіндегі № 211 үйдің тұрғындарымен жиналыс өткізілді.Тұрғындар көп қабатты тұрғын үйдің ауласында өрт жинақтау гидрантын бөлшектемеу туралы шешім қабылдады. |
|
2. |
Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының № 4 орта мектебіне жапсаржай-асхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін ақша қаражатын бөлу мүмкіндігін қарастыру
|
2020 жылғы 1 қазанға дейін |
Тапсырма орындалды Ақкөл ауданының 2020 жылға арналған бюджетін нақтылау кезінде Ақкөл ауданы Ақкөл қаласының № 4 орта мектебіне жапсаржай-асхана құрылысына жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге 9 млн.теңге бөлінді. Конкурс жеңімпазы «Дизайн центр» ЖШС болып табылады. Қазіргі уақытта ЖСҚ дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде. |