Кеңес ауылдық округі бойынша сайлау учаскелерінің шекаралары және олардың орналасқан жерлері туралы хабарлама
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 23-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 12 маусымдағы №16/11 «Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы» қаулысына, «Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің 2021 жылғы 7 шілдедегі №5 «Сайлау учаскелерін құру туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Ақкөл ауданы әкімінің 2023 жылғы 17 шілдедегі №3 шешіміне сәйкес, Кеңес ауылдық округінің сайлау учаскелерінің шекараларын хабарлаймыз.
№125 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Домбыралы ауылы, Азат көшесі 21, Горький атындағы жалпы білім беретін мектептің ғимараты, тел: 8 (71638) 3-81-30.
Шекаралар: Домбыралы а.
№126 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Кеңес ауылы, Жеңіс көшесі 27, жалпы білім беретін мектептің ғимараты, тел: 8 (71638) 2-49-93.
Шекаралар: Кеңес а.
№127 сайлау учаскесі
Орналасқан жері: Малый Барап ауылы, Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі 9, негізгі орта мектептің ғимараты, тел: 8 (71638) 5-08-88.
Шекаралар: Малый Барап а., Айдарлы а.
Ақкөл ауданы әкімі Б. Әбдірахманов