Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлауды
2024 жылғы 21 шілдеге тағайындау туралы хабарлама
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық 113-1 баптың 1 тармақ 3 тармақшасына, 3 тармағына, 4 тармағына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 12 маусымдағы "Ақкөл ауданы Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлауды тағайындау туралы" №16/11 қаулысына сәйкес, 2024 жылға 21 шілдеге Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлауы тағайындалғанын хабарлаймыз.
Бұдан басқа, Кеңес ауылдық округінің әкімін сайлауды әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітіліп, аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-парақшасына орналастырылды.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы