2024 жылғы 16 мамырдағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде халықтың 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (Ақкөл ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 22 сәуірдегі №А-4/97 қаулысы)
|
№ р/с |
Іс-шаралар
|
Орындау мерзімі |
Ескерту |
|
1. |
«Сазды бұлақ ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу» жобасын іске асыру мәселесін шешу |
2024 жылғы 1 қазанға дейін |
Тапсырма бақылауда. 2024 жылы Ақкөл ауданы Сазды бұлақ ауылының көшелерін жарықтандыруды ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 15,0 млн. теңге қаражат бөлінді. 24 сәуірде ашық конкурс арқылы мемлекеттік сатып алу жарияланды. Байқау қорытындысы 24 мамырда шығарылады. |
|
2. |
«Новорыбинка ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу» жобасын іске асыру мәселесін шешу |
2024 жылғы 1 қазанға дейін |
Тапсырма бақылауда. 2024 жылы Ақкөл ауданы Новорыбинка ауылының көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Конкурстық рәсімдер жүргізілді. Жеңімпаз «MetalEnergy» жеке кәсіпкері анықталып, онымен 7,049 млн. теңгеге келісім жасалды. Жұмыс мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін. |
|
3. |
«Рамадан ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеу» жобасын іске асыру мәселесін шешу |
2024 жылғы 1 қазанға дейін |
Тапсырма бақылауда. 2024 жылы Ақкөл ауданы, Рамазан ауылының көшелерін жарықтандыруға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен қаржы бөлінді. Баға ұсыныстары бойынша конкурстық рәсімдер жүргізілді. Жеңімпаз «MetalEnergy» жеке кәсіпкері анықталып, онымен 8,79 млн теңгеге келісім жасалды. Жұмыс мерзімі 2024 жылдың 1 шілдесіне дейін. |