Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

Әдеп жөніндегі уәкілдің қызметі туралы

 

Әдеп жөніндегі уәкіл-мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасы және қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын сақтауды қамтамасыз ету, олардың жауапкершілігін арттыру, ұжымда және қоғамда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтау, азаматтық қоғам институтымен өзара іс-қимыл жасау мақсатында ауылдар, ауылдық округтер, қала, аудан әкімдері аппараттарының барлық ғимараттарында қол жетімді жерлерде Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің мәтіні орналастырылған. Ауданның ЖАО ээп бетіне және байланыс ақпаратына халықтың қол жеткізуін жеңілдету үшін мемлекеттік органдардың стендтерінде QR-кодтар орналастырылған.

         Азаматтарды жеке қабылдау кестеге сәйкес әр бейсенбі сайын сағат 10-нан 18-ге дейін жүзеге асырылады. Жеке қабылдау барысында азаматтар мен мемлекеттік қызметшілерге өздерін қызықтыратын мәселелер бойынша түсініктемелер беріледі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша жеке консультациялық көмек көрсетіледі.

Аудан әкімдігінің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты БАҚ-тағы жағымсыз жарияланымдарға тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі. Есепті кезеңде мұндай жарияланымдар анықталған жоқ.

Ішкі істер органдарымен бірлесіп қызметтік автокөлікті жеке мақсатта, демалыс және мереке күндері пайдалану фактілерін анықтауға, сондай-ақ көлік құралдарын бөгде адамдардың басқаруына бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Бұзушылықтар анықталған жоқ.

Мемлекеттік органдардың қызметтік автомашиналарында аудан әкімі аппаратының сенім телефонының нөмірлерімен айрықша белгілер жапсырылған.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ауданның мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен спорттық іс-шаралар өткізілді.

Аудан әкімдігінің ұжымдарында моральдық-психологиялық ахуалға тұрақты негізде талдау жүргізіледі. Жалпы, эмоционалды жағдай мен көңіл-күй жағдайының оң динамикасы бар, бір кездері қалыптасқан жұмыс процесінің принциптері мен тәртібі сақталады, туындаған қиындықтар түсініліп, бірге жеңіледі.

Жарты жылда бір рет аудан әкімдігінің интернет-ресурсында әдеп нормаларын сақтау бойынша мемлекеттік органдар жұмысының тиімділік деңгейін анықтау үшін онлайн-сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға қатысқан респонденттер этикалық нормаларды сақтау бойынша жүргізіліп жатқан жұмысты тиімді және қойылатын талаптарға сәйкес деп санайды.

Мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік құқық бұзушылықтар жасауына мониторинг жүргізіледі, олардың жасалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды айқындау және барынша азайту жүргізіледі.

Жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметшілермен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасын түсіндіру, мемлекеттік қызметті атқаруға байланысты шектеулерді қабылдау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіледі.

Facebook, Telegram, Instagram, сондай-ақ жергілікті баспа басылымдарының беттерінде әлеуметтік желілердің әлеуетін тиімді пайдалану мақсатында түрлі профилактикалық сипаттағы материалдар, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға бағытталған ақпарат тұрақты негізде жарияланады.

 

Мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік құқықтарының сақталуына мониторинг жүргізіледі (жыл сайынғы еңбек демалысын беру, іссапар шығындарын уақтылы төлеу және т.б.).

Ұжымда жағымды имидж мен қолайлы климатты қалыптастыруға қосқан елеулі үлесі үшін мемлекеттік қызметшілердің жағымды бейнесін насихаттау мақсатында өз қызметтік міндеттерін орындауда үздік нәтижелерге қол жеткізген адамдар аудан әкімінің алғыс хаттарымен көтермеленеді.

Қоғамның мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметтің имиджін арттыруға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің әдепті емес мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған жұмыс жалғастырылатын болады.

 

 

Дата публикации
26 апреля 2024