«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

 

Ақкөл ауданы әкімінің аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 31.03.2024.

Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 05.04.2024.

Сұхбат:10.04.2024.

Анықтама телефоны: 87163821736

E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 210086

Блок - B

 

          (Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

 

Лауазым атауы:

«Ақкөл аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтер, E-R-4 санаты

 

Функционалдық міндеттері:

Бюджет қаржысының мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету, бухгалтерлік есеп, Қазына органдары арқылы жүргізілетін операцияларды есеп жүргізу, бюджеттік құралдардың мақсатты жұмсалуы мен шығындалу сметаларын орындау бойынша экономика және қаржы бөлімімен қарым-қатынасы. Құжаттардың уақытылы және дұрыс рәсімделуі және жасалатын операциялар заңдылығына бақылауды жүзеге асыру. Құралдардың лимит пен олардың мақсатты тағайындалуға сәйкес шығындалуын, бюджетпен бекітілген шығын сметалары бойынша, сонымен қатар қаржы құралдары мен материалдық құндылықтар сақталуын бақылау. Депозит есептері бойынша операцияларды есепке алу. Дер кезінде жалақыны есептеу және төлеу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен уақытылы есеп айырысу. Бюджеттің орындалуы бойынша ай сайынғы, жылдық, сонымен қатар экономика және қаржы бөліміне басқа да есептерді ұсыну. Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер мен декларацияларды тапсыру. Шығын және есеп сметасын басшылықпен келісім жасау және құру. Жоспарланған мемлекеттік сатып алулар көлемі мен номенклатура жинағын нақтылау және құру. Бюджеттік құралдардың тиімді жұмсалуы бойынша мемлекеттік сатып алу және мониторингін өткізу. Нормативтік актілер, өкімдер, шешімдер, қаулылар және басқа да құқықтық сипаттағы құжаттардың жобаларын әзірлеу. Активтер мен құны төмен құндылықтарды оларды сақтау және пайдалану орындарында сақталуын жүзеге асыру. Бөлім кадрларының сауалдары бойынша құжаттарды ресімдеу және іс жүргізу. Бөлім басшылығы анықтаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Білімі бойынша талап:

бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

           жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

   

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3467067553

 

Дата публикации
20 марта 2024