Ақкөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 29.03.2024.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 03.04.2024.
Сұхбат:10.04.2024.
Анықтама телефоны: 87163821736
E-R-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 243700
Блок - А
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
«Ақкөл аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы (уақытша, 2026 жылғы 9 қазанды қоса алып, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығуға құқығы бар), E-R-4 санаты (№15-8)
Алдағы тиісті қаржы жылына арналған негізделген кірістер мен шығыстардың экономикалық негізінде әкімшілік-аумақтық бірліктің бюджеттік жобасын құру жөнінде жұмыс жүргізу және қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны аудандық мәслихатқа бекітуге ұсыну. Жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы жергілікті органның шешімін жүзеге асыру жөнінде қаулы әзірлеу. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік тапсырыстарын қарау, бағалау және қорытынды дайындау. Аумақтық бірліктің кірістері мен шығыстары және келешекке арналған ортамерзімді жоспары бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысу. Тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджетті нақтылау туралы жергілікті өкілетті органның шешімінің жобасын әзірлеу. Жоғарыда тұрған органдарға желілер мен штаттар, жергілікті атқарушы органның резервтерінің бағыты, жергілікті атқарушы органдардың резервтерін қолдану, аудандық мәслихат сессиясының шешімдері бойынша есептерді дайындау және ұсыну. Бюджеттің IV деңгейін жүргізу бойынша жұмыс жасау. Бөлім басшылығы анықтаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
бизнес, басқару және құқық (экономика, есеп және аудит, қаржы) саласында жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
жоғарыдан кейінгі немесе жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3457432200