Ақкөл ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.03.2024.
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау: 28.03.2024.
Сұхбат: 09.04.2024.
Анықтама телефоны: 87163821736
E-R-1 санат үшін орташа лауазымдық жалақы: 380391
Блок - А
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Ақкөл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы (уақытша, 2024 жылғы 5 наурызды қоса алып, негізгі қызметкердің жүктілігі және босануы бойынша демалыс кезеңіне, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), E-R-1
Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметін қамтамасыз ету үшін ұйымдастыру және ақпараттық-талдау, консультативтік және бақылау функцияларын жүзеге асыру. Мәдениетті және тілдерді дамыту саласында бірыңғай стратегия қалыптастыру және өзара келісімді іс-қимылда болу. Бөлім жұмысын жоспарлау, бөлімге жүктелген міндерттердің орындалуына жауапты болу. Президент пен Үкімет актілерін, аудан әкімінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің орындалуын жүзеге асыру және бақылауды жүзеге асыру. Кадрлармен жұмыс жүргізілуді бақылау. Мәдениет және тілдерді дамыту саласында: меншік нысанына қарамастан ауданның ұйымдары мен кәсіпорындарында тіл саясатын насихаттау, «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының сақталуын бақылау, аудандағы мәдениет пен өнерді дамыту мекемелерінің тұжырымдамасын қалыптастыру, бөлім құзырына кіретін аудандық комиссиялардың жұмысын қамтамасыз ету. Мәдениет мекемелерінің қызметін үйлестіру. Ауданда өткізілетін қоғамдық-саяси, мәдени іс-шаралардың саяси бағытта жоспарлануын қамтамасыз ету. Мемлекеттік мерекелер мен даталы күндерді мерекелеуге байланысты іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Аудан халқының мәдени демалысын мәдениет мекемелері: клубтар мен кітапханалар арқылы ұйымдастыру. Бөлім қызметкерлері тарапынан мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын және орындалуын бақылау. Бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланауын қамтамасыз ету. ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің орындалуын бақылау
педагогикалық ғылымдар (музыкалық білім, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті), өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (кітапхана ісі) немесе бизнес, басқару және құқық (мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе қызметтер (мәдени-демалыс жұмысы) салаларындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, не техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.
https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.3446890626