Құрметті Ақкөл қаласының тұрғындары!
2024 жылдың 31 наурызында Ақкөл аудандық мәслихатының №3 бірмандаттық сайлау округі бойынша шығып қалған депутаттың орнына сайлау өтеді.
Сайлауға №754 сайлау учаскесінің шекарасында тіркеуде тұратын сайлаушылар қатысады. №754 сайлау учаскесі Ақкөл қаласы, Талғат Бигелдинов көшесі, 8, «Жайық Бектұров атындағы №3 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында орналасқан.
№754 сайлау учаскесінің шекаралары аудандық газетте және аудан әкімдігінің сайтында жарияланды.
Ақкөл ауданының әкімдігі сайлаушылардың тізімін нақтылау және өзектендіру мақсатында Ақкөл ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің жанынан Call-орталық құрылғанын хабарлайды. Өзіңіздің сайлау учаскеңіз туралы мәліметті осы телефон арқылы ала аласыздар: 8(716-38) 2-06-31, akkol_org@aqmola.gov.kz, соңдай-ақ http://izbirateli.akmo.kz сайтынан таба аласыздар.