«Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк
лауазымына орналасуға Ішкi конкурс
Ақмола облысы «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-38)2-17-36, электрондық мекен-жайы: akkol_sup@aqmola.gov.kz) төменгі болып табылмайтын «Б» корпусының бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымына орналасуға iшкi конкурс жариялайды:
1. «Ақкөл ауданы Азат ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бухгалтері, «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 90963 теңгеден 122463 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: аудандық Қазынашылық бөлім арқылы өткізілетін бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуын, бухгалтерлік есеп пен есеп операцияларын жүргізуді қамтамасыз ету. Жүргізілетін қаржы операцияларының заңды болуын, құжаттардың дер мерзімінде, дұрыс ресімделуіне бақылауды жүзеге асыру. Қаржы шығысын лимитке сәйкес жұмсалуын және бюджет бойынша бекітілген шығыс сметасының нысаналы тағайындалуына, сонымен бірге ақшалай қаржының және бағалы материалдардың сақталуына бақылау жүргізу. Депозиттік есеп-шоттары бойынша операциялар есебін жүргізу. Еңбекақы жалақыларын уақытында есептеп, төлем жүргізу. Ұйымдармен және жеке тұлғалармен есептесуді уақытында жүргізіп отыру. Мемлекеттік кірістер басқармасына есептер мен декларацияларды тапсыру Басшылықпен шығыс сметасын және олардың есебін құру, келісу. Номенклатуралар жинағын, жоспарланған мемлекеттік сатып алулар көлемін нақтылау және құру. Мемлекеттік сатып алуларды өткізген кезде бюджет қаржысының тиімді жұмаслуы бойынша мониторинг жүргізу. Ауылдық округтің және ауыл әкімі аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздар бойынша талаптардың сақталуына бақылауды жүзеге асыру. Ауылдық округі және ауыл әкімі аппаратының барлық құжаттарының тиісті деңгейде сақталуын қамтамасыз ету. Бланкілер есебін жүргізу, олардың қатаң пайдаланылуына бақылау жүргізу. ҚР Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс пен аудан әкімдері қаулыларының, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Отбасы құрамы, тұрғылықты мекен-жай, қолда бар қосалқы шаруашылық туралы анықтама беру. Ауылдық округке, ауыл әкіміне қарасты елді мекендердегі базарлардан бір жолғы салық жинау. Ауыл тұрғындарының статистикалық есебін жүргізу, сайлаушылар тізімдерін жүргізу, есеп беру. Әскери-есеп столына қатысты барлық мәселелерді жүргізу. Әскерге шақыру жасына дейінгі жас өспірімдердің және әскер жасындағы жігіттердің аудандық, облыстық медициналық тексеруден өтуге баруларын ұйымдастыру. Мектеппен жұмыс жүргізу. Ауылдық округтегі әскери міндеттілерді есепке алу және бақылауда ұстау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) жоғары немесе жоғары білім мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда экономика және бизнес саласында (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы) орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес, дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтiнiш (бұдан әрi - Өтiнiш);
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 14436 болып тiркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әдiлет" ақпараттық-құқықтық жүйесiнде жарияланған) бекiтiлген, тиiстi персоналды басқару қызметi құжаттарды тапсыру күнiне дейiн күнтiзбелiк 30 күн iшiнде растаған мемлекеттiк қызметшiнiң қызметтiк тiзiмi.
Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар уәкілетті органның интернет-ресурсында ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде ұсынылуы тиіс.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды конкурс жариялаған мемлекеттік органға электрондық түрде "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі немесе "Е-gov" электрондық үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде ұсынады.
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілінің болуын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасының жасы он сегізден кем емес азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) хабарлайды. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
e-maіl: ______________________________________________________________
ЖСН: ______________________________________________________________
_______________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«_____» _______________ 202 __ ж.