«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік
мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс
Ақмола облысы «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-38)2-17-36, электрондық мекен-жайы: akkol_sup@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:
1. «Ақкөл қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-бақылау бөлімінің бас маманы (уақытша, 2021 жылғы 16 наурызға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалысы кезеңіне дейін, сонымен қатар негізгі қызметкердің осы мерзімнің аяқталуына дейін жұмысқа шығу құқығы бар), «Е-G-3» санаты, 1 бірлік.
Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 90963 теңгеден 122463 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері: барлық құжаттарды мемлекеттік тілде аудару және басып шығару. Қала әкімінің баяндамаларын, сөйлеген сөздерін, сәлемдесу мекен-жайларын, ережелерін, нұсқаулықтарын, азаматтардың хаттары мен өтініштеріне жауаптарды аудару. Қала әкімінің қатысуымен іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етуді жүзеге асыру. Бөлімнің жұмысын жоспарлауға қатысу, бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына жауапкершілік. Жастармен жұмыс жүргізу, халықты әлеуметтік қорғау жөнінде жеке кәсіпкерлердің іс-шараларға көмек көрсетулерін ұйымдастыру. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу. Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту жөнінде комиссия жұмысына материалдар жинау. Әлеуметтік карталарды жүргізу, күн көрісі төмен азаматтарды құжаттандыру жөнінде жұмыс жүргізу, атаулы әлеуметтік көмекке және балалары бар отбасыларға жәрдемақылар тағайындауға құжаттар дайындау, жағдайы төмен азаматтардың өтініштерін тіркеуге журналдар жүргізу, атаулы әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысын тағайындау жөнінде айлық және тоқсандық есептер жасау, күн көрісі төмен азаматтар жөнінде база деректерімен жұмыс істеу. Қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа құжаттарды ресімдейтін тұрмысы төмен азаматтар мен отбасылардың тұрғын үй–тұрмыстық жағдайларын тексеру. Ардагерлермен, мүгедектермен және жұмыссыз азаматтармен жұмысты ұйымдастыру. Көп балалы аналарды наградалармен марапаттау жөніндегі жұмысқа қатысу. Атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау жөніндегі комиссияларға қатысу және дайындауды бақылау. Сайлау компаниясына қатысу. Мамандардың өзара алмасуы.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс) немесе ауылшаруашылық ғылымы немесе қызмет көрсету салалары бойынша жоғары немесе жоғары білім мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда білім немесе гуманитарлық ғылым немесе құқық немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе техникалық ғылым және технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар немесе жылу энергетикасы немесе құрылыс) немесе ауылшаруашылық ғылымы немесе қызмет көрсету салалары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес, дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:
1) Өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);
3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:
1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;
2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.
Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:
1) Өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.
Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.
Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні.
Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде Ақкөл ауданы әкімінің аппаратында өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы
Нысан
_________________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені ___________________________________________________________
____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мекен жайы: ________________________________________________________
Байланыс телефоны: __________________________________________________
e-maіl: ______________________________________________________________
ЖСН: ______________________________________________________________
_______________ ____________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
Приложение 3
к Правилам проведения конкурса
на занятие административной
государственной должности корпуса «Б»
форма
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА
КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ
ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
________________________________________________________________
фото
3х4
тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда)/
фамилия, имя, отчество (при наличии)
___________________________________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
_______________________________________________________
(жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер)
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1.
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
2.
Ұлты (қалауы бойынша)
Национальность (по желанию)
3.
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей
4.
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
5.
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/
Квалификация по специальности, учёная степень, учёное звание (при наличии)
6.
Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
7.
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/Государственные награды, почётные звания (при наличии)
8.
Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
9.
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
10.
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігінің жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трёх лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
Күні/ Дата
қызмтеі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/
приёма
босатылған/
увольнения
____________________________
Кандидаттың қолы/
подпись кандидата
__________________________
күні/дата
* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе