«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

«Б» корпусының бос төменгі әкімшілік

мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс

 

 

Ақмола облысы «Ақкөл ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (020100 индексі, Ақмола облысы, Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі 94, анықтама үшін телефон нөмірі: 8(716-38)2-17-36, электрондық мекен-жайы: akkol_sup@aqmola.gov.kz) «Б» корпусының бос төменгі әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Ақкөл ауданы Новорыбинка әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі жетекші маманы, «Е-G-4» санаты, 1 бірлік.  

Лауазымдық еңбек ақысы еңбек еткен жылына қарай 81229 теңгеден 109367 теңгеге дейін.

Негізгі функционалдық міндеттері: Ауыл және ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздарды жүргізу. Іс-қағаздар бойынша талаптардың сақталуына бақылау жасауды жүзеге асыру. Ай сайынғы есептерді дайындау. Бланкілердің қатаң есепті пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасы Заңдарының, Президент пен Үкімет актілерінің, облыс пен аудан әкімдерінің қаулыларын, шешімдері мен өкімдерінің орындалуына бақылауды жүзеге  асыру. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Отбасы құрамы, тұрғылықты мекен-жай, қолда бар қосалқы шаруашылық  туралы анықтама беру. Ауылдық округтің елді мекендерінің базарларынан бір жолғы салық жинау. Халық санағын, сайлаушылар тізімдерін жүргізу, есеп беру. Әскери-есеп столына қатысты барлық мәселелерді жүргізу. Әскерге шақыру жасына дейінгі жас өспірімдердің  және әскер жасындағы жігіттердің аудандық, облыстық медициналық тексеруден өтуге баруларын ұйымдастыру. Мектеппен жұмыс жүргізу. Ауыл және ауылдық  округтегі әскери міндеттілерді еспке алу және бақылауда ұстау.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білім немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлеуметтану) немесе жаратылыстану ғылымдары (гидрология) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе құрылыс) немесе ауыл шаруашылығы ғылымдары немесе қызмет көрсету немесе ветеринария саласындағы жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе білім немесе құқық (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе әлеуметтану) немесе жаратылыс ғылымы (гидрология) немесе техникалық ғылым және технологиялар (ақпараттық жүйелер немесе көлік, көліктік техника және технологиялар немесе құрылыс) немесе ауылшаруашылық ғылымы немесе қызмет көрсету немесе ветеринария салалары бойынша орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

«Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» мәртебесі туралы Заңға сәйкес, дербес білім беру ұйымында немесе Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша шетелдік жоғары оқу орындарында осы лауазымның функционалдық міндеттеріне сәйкес келетін жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

         Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққы қарсы іс-қимыл Агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) негізінде жүргізіледі.

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

         1) Өтініш;

         2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі (бұдан әрі – Қызметтік тізім);

         3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

         "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

         Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

         Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

         1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

         2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

         Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

         Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның       27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

         1) Өтініш;

         2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

         Конкурсқа қатысушы мемлекеттік қызметшілер тестілеуден өтпейді.

         Құжаттарды қабылдау мерзімі жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап           7 жұмыс күні.

         Құжаттардың толық пакетін қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы тапсырған кандидаттарға конкурс комиссиясының хатшысы құжаттарды қабылдау туралы қолхатты береді. Құжаттардың толық пакетін электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.

         Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссияның хатшысымен оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

         Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап        3 жұмыс күні ішінде Ақкөл ауданы әкімінің аппаратында өтеді.

         Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейне байланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

         Азаматтар біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне және беделіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

         Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады. Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін 2 сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.

         Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын үй-жайды жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           «Б» корпусының мемлекеттік

                                                                           әкімшілік лауазымына

                                                                           орналасуға конкурс өткізу

                                                                           қағидаларының 2-қосымшасы

                                                                                                      

Нысан

 

                                                                  _________________________________

                                                                                     (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

         Мені ___________________________________________________________

____________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға арналған конкурстарға қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

 

         «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

         Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

         Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________.

                                                                                                             (иә/жоқ)

        

         Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

         Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

Мекен жайы: ________________________________________________________

Байланыс телефоны: __________________________________________________

e-maіl: ______________________________________________________________

ЖСН: ______________________________________________________________

_______________                 ____________________________________

                (қолы)                                                                   (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

                                                                                                                                            

 

 

 

Приложение 3
к Правилам проведения конкурса

на занятие административной

государственной должности корпуса «Б»


форма

 

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА

КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ

 

ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ

ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»

 
 

________________________________________________________________            

 

фото

3х4
 
                                             тегi, аты және әкесiнiң аты (болған жағдайда)/

                                        фамилия, имя, отчество (при наличии)

___________________________________________________________________
                               лауазымы/должность, санаты/категория

                                               (болған жағдайда/при наличии)

_______________________________________________________

            (жеке сәйкестендіру нөмірі/индивидуальный идентификационный номер)

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР/ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
1.
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
 

 

 
2.
Ұлты (қалауы бойынша)

Национальность (по желанию)
 

 
3.
Отбасылық жағдайы, балалардың бар болуы /
Семейное положение, наличие детей
 
4.
Оқу орнын бiтiрген жылы және оның атауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
 

 

 

 
5.
Мамандығы бойынша бiлiктiлiгi, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда)/

Квалификация по специальности, учёная степень, учёное звание (при наличии)
 

 

 

 

 

 
6.
Шетел тiлдерiн бiлуi/
Владение иностранными языками
 

 

 
7.
Мемлекеттiк наградалары, құрметтi атақтары (болған жағдайда)/Государственные награды, почётные звания (при наличии)
 
8.
Дипломатиялық дәрежесi, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шенi (болған жағдайда)/
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
 
9.
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда)/Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 
10.
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігінің жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трёх лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
 
 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

 

Күні/ Дата
қызмтеі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жерi/
должность, место работы, местонахождение организации
қабылданған/

приёма
босатылған/

увольнения
 
 
 

 

 

 

 

 
 
 
 

 

 

 

 

 
 

____________________________

Кандидаттың қолы/

подпись кандидата
 

                  __________________________

                                      күні/дата
 

* Примечание: в послужном списке каждая занимаемая должность заполняется в отдельной графе

Дата публикации
21 августа 2020