Ақкөл ауданының сайлау комиссияларының жаңа құрамдарын сайлау туралы хабарлама

«Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелерін сайлау туралы» Ақкөл аудандық мәслихатының кезектен тыс 14 сессиясының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № С 14-1 шешімі.

            Ақкөл ауданы аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамын жасақтау «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылды.

            Құрылған аумақтық сайлау комиссиясы Ақкөл ауданында сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік сайлау органы болып табылады. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.

Бес саяси партия мен екі қоғамдық бірлестіктің ұсыныстары негізінде аумақтық сайлау комиссиясының жаңа құрамына аумақтық сайлау комиссиясының 7 мүшесі сайланды.            Сайлау туралы Конституциялық заңның 10-бабында және 20-бабының 2-тармағында белгіленген тәртіп пен мерзімге сәйкес аумақтық сайлау комиссиясының бірінші отырысында аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы, орынбасары және хатшысы сайланды.

Ақкөл аудандық сайлау комиссиясының құрамы: төрайымы – Жетпісова Динара Болатқызы; төрайымның орынбасары – Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы; хатшы – Шашкенова Айжан Сабырқызы; комиссия мүшелері: Адежанова Рената Галықызы, Балғожина Жұлдызай Мендібайқызы, Баймлер Кристина Юрьевна, Теміртасова Ғайни Бейсенкызы.

Орналасу орны: Ақкөл қаласы, Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 67, «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапхана жүйесі» ММ, тел: 8 (71638) 5-50-72.

 

Дата публикации
08 января 2024