2023 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде халықтың 2023 жылы айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

2023 жылғы 29 желтоқсандағы жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар және ауылдық округтер әкімдерінің кездесулерінде халықтың 2023 жылы айтқан ұсыныстарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары

 

№

р/с

Іс-шаралар

 

Орындау мерзімі

Ескерту

1.       

«Ақкөл ауданы Домбыралы ауылында мәдени-спорт кешенін салу» жобасын әзірлеу жөніндегі мәселені бақылауға алсын

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Тапсырма бақылауда.

2023 жылы аудандық бюджеттен «Ақкөл ауданының Домбыралы ауылында мәдени-спорт кешенін салу» жобалық - сметалық құжаттамасын әзірлеуге 9,7 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді. Конкурстық рәсімдер өткізілді, жеңімпаз. «Kaz Net Project» ЖШС. Қазіргі уақытта жоба ведомстводан тыс сараптаманың бірыңғай порталына жүктелген. Сараптама қорытындысын алу мерзімі 2023 жылғы 31 желтоқсан.

2.       

Өрнек ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін

Тапсырма орындалды.

2023 жылдың қазан айында Өрнек ауылындағы көше жарығын ағымдағы жөндеуге аудандық бюджеттен 6,4 млн. теңге бөлінді. Көшені жарықтандырудың 30 тірегі орнатылды, ұзындығы 1050 м. Мердігер «Inovation Тех» ЖШС.

3.       

Сазды бұлақ ауылында көпфункционалды алаң орнату мәселесін шешу.

2023 жылғы 1 қарашаға дейін

Тапсырма орындалды.

2023 жылдың қазан айында Сазды Бұлақ ауылында көпфункционалды алаң орнатылды. Мердігерлік ұйымы «Сейталина» ЖК

4.       

Амангелді ауылындағы жолды себу және грейдерлеуге ақшалай қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыру

2023 жылғы 29 желтоқсанға дейін

Тапсырма орындалды.

Амангелді ауылында жолды грейдерлеуге және себуге 8,0 млн. теңге сомасында ақшалай қаражат бөлінді.

 

 

 

Дата публикации
29 декабря 2023