Aқкөл аудандық мәслихаттың  «Ақкөл аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы  № С31-1 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі жобасына ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМАСЫ

Aқкөл аудандық мәслихаттың  «Ақкөл аудандық мәслихаттың

2022 жылғы 23 желтоқсандағы  № С31-1 «2023 - 2025 жылдарға

арналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешімі жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМАСЫ

 

№

Көресілуге тиісті, мәліметтер тізімі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

  Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 9-бабы            2-тармағы, 106 және 109-баптары; «ҚазақстанРеспубликасындағыжергiлiктiмемлекеттiкбасқару және өзiн-өзiбасқару туралы» ҚазақстанРеспубликасыЗаңының6-бабы 1-тармағының     1) тармақшасы.

3.

 Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша аудандық бюджет кірісінің көлемі 5 733 889,1 мың теңге сомасында айқындалды, нақтыланған бюджетке қарсы мынадай өзгерістер есебінен 197 201,0 мың теңгеге азайды:

1-санат «Салықтық түсімдер» бойынша жоспар санат шегінде сыныптар мен кіші сыныптардың өзгеруін ескере отырып 14 728,2 мың теңге сомасына азайтылды;

2-санат «Салықтық емес түсімдер»бойынша жоспарысанат шегінде сыныптар мен кіші сыныптардың өзгеруін ескере отырып 150,2 мың теңге сомасына азайтылды;

3-санат «Негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер» бойынша жоспары 301 103 «Азаматтарға пәтерлерді сатудан түсетін түсімдер» коды бойынша кірістер жоспарына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 3 770,1 мың теңге сомасына азайтылды;

4-санат «Трансферттердің түсімдері» бойынша жоспар аудандық бюджетке түзетулер есепке алынып, 178 552,5 мың теңгеге азайтылды.

         Аудандық бюджеттің шығындары нақтыланған бюджетке қарағанда 197 201,0 мың теңгеге азайып, 6 196 371,7 мың теңге сомасында айқындалды.

Бюджет қаражатын уақтылы, толық және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларына оларды қайта бөлу арқылы өзгерістер енгізілді.

Қаражат ауданның әлеуметтік-коммуналдық саласын жақсартуға бағытталған.

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қаражат аудан ұйымдарын ұстауға, іс-шаралар өткізуге, аудан ұйымдарының материалдық-техникалық базасын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады.

Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

6.

 Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С31-1 «Аудандық бюджет туралы» шешімі 2023 - 2025 жылдарға арналған "

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Қажет емес

8.

 Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Шешім жобасы 03.11.2023 жылғы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (12,5 байт).

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Қажет емес

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

 

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Қажет емес

 

 

 

Ақкөл аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                         А. Дәукенова

Дата публикации
29 ноября 2023