Ақкөл аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы № С31-1 «2023-2025 жылдарғаарналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жоба 

 

Ақкөл аудандық мәслихаттың 2022 жылғы 23 желтоқсандағы

№ С31-1 «2023-2025 жылдарғаарналған аудандық бюджет туралы»

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

                         

 

Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Ақкөл аудандық мәслихаттың «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №С31-1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде         №176009 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

1тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «1. 2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2023 жылға келесі көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 5 733 889,1 мың теңге, соның ішінде:

        салықтық түсімдер – 1 550 311,9 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 23 202,6 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер – 98 558,5 мың теңге;

трансферттердің түсімдері – 4 061 816,1 мың теңге;

2) шығындар – 6 196 371,7 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредит беру – -6 184,6 мың теңге, соның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 5 000,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 11 184,6 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –            0,0 мың теңге;

5) бюджеттің тапшылығы (профициті) – -456 298,0 мың теңге;

6) бюджеттің тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –       456 298,0 мың теңге.»;

5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «5. Аудандық бюджетте 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органның жоғары бюджеттің алдында 11 184,6 мың теңге сомасында қарыз өтелуі ескерілсін.»;

         7 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

         «7. Ауданның 2023 жылға арналған жергілікті атқарушы органның резерві 19 525,8 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

 

 

 

            көрсетілген шешімнің 1, 4, 5, 6, 7 - қосымшалары осы шешімнің 1, 2, 3, 4, 5 - қосымшаларына сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешiм 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Ақкөл аудандық мәслихатының төрағасы

 

 

Д. Салыбекова

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2023