Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  № С32-1 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

«Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы  № С32-1 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешімі жобасына

 

                                      ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМАСЫ

 

№

Көресілуге тиісті, мәліметтер тізімі

Мемлекеттік органның ақпараты

1.

  Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы.

«Ақкөл ауданының экономика және қаржы бөлімі мемлекеттік мекемесі

2.

Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106 бабының 4 тармағына, 109-1 бабына

3.

 Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі)

Урюпин ауылдық округі, Наумов ауылдық округі, Новорыбин ауылдық округі,Кенес ауылдық округі, Қарасай ауылдық округі,Еңбек ауылдық округі, Жалғызқарағай ауылдық округі, Азат ауылыжергілікті қоғамдастық жиналыстарының хаттамалары негізінде 2023 жылға арналған дербес бюджеттерді нақтылау туралы аудандық мәслихаттың бірлескен шешімінің жобасы енгізілді.

4.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы

Шешім жобасын қабылдау теріс әлеуметтік және/немесе экономикалық салдарға әкеп соқпайды

5.

Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері

Қаражат басқару аппаратының қызметін қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту және нығайту жөніндегі іс-шараларды жүргізуге бағытталатын болады.

Шешім 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

6.

 Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

Ақкөл аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № С32-1 «2023 - 2025 жылдарға арналған аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, ауылдық округтердің бюджеттері туралы "

7.

Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы

Мұндай қажеттіліктің болмауы.

8.

 Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны)

Шешім жобасы 03.11.2023 жылғы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған (12,5 байт).

9.

Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат

Қажет емес

10

Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі

Халықаралық шарт болып табылмайды

11

Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері

Қажет емес

 

 

 

Ақкөл аудандық экономика

және қаржы бөлімінің басшысы                                         А. Дәукенова

 

 

 

Дата публикации
29 ноября 2023