2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақмола облысы Ақкөл ауданының  әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада өткен Ақмола облысы Ақкөл ауданының  әкімін сайлау қорытындысы туралы хабарлама

 

2023 жылғы 5 қарашада Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімін
сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне 17054 азамат енгізілді. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 12456, оның ішінде 1 - есептен шығару куәліктері бойынша, үй-жайдан тыс жерде дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың саны - 82.

Кандидаттардың жалпы саны - 2.

Ақкөл ауданы әкімін сайлауда мынадай қорытындылары белгіленді:

Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы үшін 10 163 сайлаушының дауысы берілді,

Кенжебаев Сабырхан Мейірханұлы үшін 1341 сайлаушының  дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 786.

Сайлау қорытындысымен Ақкөл ауданының әкімі болып  Әбдірахманов Біржан Тасболатұлы сайланды, 19.10.1983 жылы туған,
Ақкөл ауданы әкімінің орынбасары, Ақкөл ауданы Ақкөл қаласы.

 

 

Ақкөл аудандық

аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 ноября 2023