Дауыс берудің басталуы туралы хабарлама

Дауыс берудің басталуы туралы хабарлама

 

       Бүгін алғаш рет Президент бастамасымен қолға алынған пилоттық негіздегі Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкімінің сайлауы басталды.

      Аудан әкімдерін тікелей сайлау - Мемлекет басшысының сайлау жүйесін демократияландыру бағытындағы реформаларының бірі.

      Ақкөл ауданында 32 сайлау учаскесі бар. Мұнда барлығы 174 комиссия мүшесі қызмет атқарады. Таңғы 07:00-де барлық сайлау учаскелері ашылып, дауыс беру бастады.

      Дауыс беру үй жайлары барлық талаптарға сай жабдықталып, мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдайлар жасалған.

      Айта кетейік, Ақкөл ауданында 17054 сайлаушы тіркелген. Дауыс беру жергілікті уақыт таңғы сағат 07:00-ден басталып, кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

 

 

 

                         Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

 

Дата публикации
05 ноября 2023