Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының  Ақмола облысы Ақкөл ауданы  әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы хабарламасы

 Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының

 Ақмола облысы Ақкөл ауданы

 әкіміне кандидаттарды тіркеу туралы

хабарламасы

 

Ақкөл аудандық аумақтық сайлау  комиссиясы  «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-5-бабына  сәйкес келіп түскен құжаттарды қарап шешті:

  1. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкіміне кандидат болып, Ақмола облысы Ақкөл ауданында тұратын,   «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақмола облысы бойынша өңірлік филиалымен ұсынылған,  «Ақмола облысы Ақкөл  ауданы әкімінің аппараты» ММ    аудан әкімінің орынбасары, 1983 жылы туған, Біржан Тасболатұлы Әбдірахманов  тіркелсін.
  2. Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкіміне кандидат болып, «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Ақкөл аумақтық филалымен ұсынылған, «Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы» ММ, Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, Ақмола облысы Көкшетау қаласында  тұратын, 1983 жылы туған,    Сабырхан Мейірханұлы Кенжебаев тіркелсін.

 

Ақкөл аудандық аумақтық

сайлау комиссиясы

06 қазан 2023 жыл

 

 

 

 

Дата публикации
06 октября 2023