2023 жылдың үшінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулер өткізу қорытындылары туралы

2023 жылдың үшінші тоқсанында халықпен тұрақты кездесулер өткізу қорытындылары туралы

 

Мемлекет басшысының «Халықпен кездесулер өткізу туралы» 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын және бекітілген кестені іске асыру мақсатында 2023 жылғы 19-26 қыркүйек аралығында ауданда 36 кездесу өткізілді, оның ішінде 9-ы Ақкөл ауданы әкімінің м. а. Б.Т. Әбдірахмановтың қатысуымен, 27-сі қала, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде аудандық «Ақкөл Арайы» газетінде және аудан әкімдігінің сайтында кездесулер өткізу кестесі жарияланды. Халықпен кездесулер өткізілгеннен кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізілді.

Кездесулерге барлығы 729 адам қатысты. 30 адам сөз сөйледі, 19 ұсыныс түсті. Барлық 19 ұсыныстың әлеуметтік сипаты болды, экономикалық және саяси сипаттағы ұсыныстар түскен жоқ.

Аудан тұрғындарын алаңдататын негізгі мәселелер электрлендіру, газдандыру және телефондандыру мәселелері болды – 5 (26,3%), жолдарды жөндеу, салу бойынша – 6 (31,6%), жер мәселелері бойынша - 5 (26,3 %) және басқалары – 3 (15,8 %).

Кездесу қорытындысы бойынша барлық 19 ұсыныс қаралып, 1 ұсыныс Ақкөл ауданы әкімінің кездесулері барысында тұрғындармен айтылған ұсыныстар мен ескертулерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына енгізілді.

Аудан әкімінің есептік кездесулері барысында халықтың айтқан ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы тоқсан сайын аудандық газеттерде және аудан әкімінің сайтында орналастырылатын болады.

Есеп беру кездесулерінде облыс, аудан, ауыл және ауылдық округ әкімдерінің атына ешқандай сын айтылған жоқ.

Аудандағы кездесулер ұйымдасқан түрде, бекітілген кестеге сәйкес өткізілді.

Дата публикации
05 октября 2023