Ақкөл ауданының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтерін қайта атау туралы ұсыныстар енгізу туралы

 БІРЛЕСКЕН ҚАУЛЫ ЖӘНЕ
ШЕШІМ
 
 

СОВМЕСТНОЕ ПОСТАНОВЛЕНИЕ

И РЕШЕНИЕ
 

 

Ақкөл ауданының әкімідігі

Ақкөл қаласы

2023 жылғы 27 қыркүйектегі

№ А-9/192 қаулысы
Ақкөл аудандық мәслихаты

Ақкөл қаласы

2023 жылғы 27 қыркүйектегі

№ С 9-3 шешімі
 

 

 

 

 

 

 

 

Ақкөл ауданының кейбір

елді мекендері мен ауылдық

округтерін қайта атау жөнінде

ұсыныстар енгізу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, халықтың пікірін ескере отырып, Ақкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:  

          1.  Ақмола облыстық ономастика комиссиясының қарауына келесі ұсыныстар енгізілсін:   

1) Ақмола облысы Ақкөл ауданының кейбір ауылдары:

Новорыбин ауылдық округінің Новорыбинка ауылы Шортанкөл ауылына;

Урюпин ауылдық округінің Малоалександровка ауылы Аққайын ауылына;

Урюпин ауылдық округінің Урюпинка ауылы Қазы батыр ауылына қайта аталсын;

2) Ақмола облысы Ақкөл ауданының кейбір ауылдық округтері:

Новорыбин ауылдық округі Шортанкөл ауылдық округіне;

Урюпин ауылдық округі Қазы батыр ауылдық округіне қайта аталсын.

          2. Осы бірлескен Ақкөл ауданы әкімдігінің қаулысы және Ақкөл аудандық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi және қолданысқа енгiзiледi.

 

 

          Ақкөл ауданы әкімінің                                                Б. Абдрахманов     

міндетін атқарушы     

 

 

          Ақкөл аудандық                                                            Д. Салыбекова

          мәслихатының төрағасы                                                                                    

 

 

         

Дата публикации
28 сентября 2023