2023 жылғы 27 қыркүйекке
Ақмола облысы Ақкөл ауданы әкіміне
кандидаттарды ұсыну туралы хабарлама
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясына Ақкөл ауданы әкіміне өзін-өзі ұсыну тәртібімен 2 кандидаттан құжаттар келіп түсті.
Аумақтық сайлау комиссиясы кандидаттың сайлау туралы Конституциялық заңының талаптарына, Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаға сәйкестігін белгілеуді жүргізеді.
Ақкөл аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы