Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлау бойынша сайлау округін және шекараларын құру, аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы
ХАБАРЛАМА
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 13 баптың 4 тармағына, 14 баптың 6 тармағына, 21 баптың 4 тармағына, 22 бабына, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі №25/321 "Ақмола облысы Ақкөл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы" қаулысына сәйкес, Ақкөл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округін құру туралы, Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері мен құрамы туралы хабарлаймыз.
Ақкөл ауданының әкімін сайлау бойынша
аумақтық сайлау округінің шекарасы
Ақкөл ауданының әкімін сайлау бойынша аумақтық сайлау округі – Ақмола облысы Ақкөл қаласының шекарасында құрылды.
Ақкөл аудандық аумақтық сайлау комиссиясы
Орналасқан жері: Ақкөл қ., С.Нұрмағамбетов көшесі, 67, тел. 8(71638) 2-10-24
Комиссия төрағасы – Долгов Алексей Борисович, төрағаның орынбасары – Досмұхамбетов Айдос Жеңісұлы, хатшы – Жетпісова Динара Болатқызы, комиссия мүшелері – Әшімов Келешек Қуандықұлы, Баймлер Кристина Юрьевна, Балғожина Жұлдызай Меңдібайқызы, Теміртасова Ғайни Бейсенқызы.
Аудандық аумақтық сайлау комиссиясы